Жыланды ауылында әнші Нұржамал Әшімханның қатысуымен қайырымдылық ән кеші өтті.
Ізгілік пен мейірімділікті дәріптеген тағылымды шараның басты мақсаты – қайырымдылық жасау, қоғамда өзара қолдау мен жанашырлық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ өнер арқылы көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
Ән кеші барысында Нұржамал Әшімхан өзінің әсем әндерін орындап, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Әуезді әндер мен жүрекке жылы тиетін әуендер кештің көркін аша түсті.
Мұндай игі шаралар ауыл тұрғындарының басын біріктіріп, рухани құндылықтарды дәріптеуге және қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ізгі бастамаға қолдау білдірген барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз! Жақсылық пен ізгілік жолындағы істеріміз жалғасын таба берсін!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









