Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатында «Бастауыш апталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.Апталықтың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру, танымдық белсенділігін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасау.Шара барысында оқушылардың білімге құштарлығын арттырып, өнері мен қабілетін дамытуға бағытталған түрлі танымдық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыру көзделген.Бастауыш сынып – баланың білім әлеміне жасаған алғашқы қадамы, тұлғалық қалыптасуы мен тәрбиесінің алтын бастауы. Осы кезеңде қаланған білім мен тәрбие – болашақ жетістіктердің берік іргетасы.
Білімнің бастауы – бастауыш, болашақтың бастауы – білім!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









