Ауылымызда жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Туған жерге тағзым» атты түлектер кездесуі биыл ерекше форматта өткізілді.
Іс-шара аясында түлектер мен ауыл тұрғындарының қатысуымен спорттық спартакиада ұйымдастырылып, қатысушылар волейбол, үстел теннисі және шахмат түрлерінен бақ сынасты. Спорттық жарыстар тартысты өтіп, қатысушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығын көрсетті.
Аталған шараның негізгі мақсаты – ауыл түлектерінің арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және ауыл тұрғындары арасындағы бірлік пен ынтымақты дәріптеу.
Дәстүрлі кездесудің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан ұйымдастырушыларға, белсенді қатысушыларға және барша ауылдастарға алғыс білдіреміз!
Туған жеріміз гүлденіп, ауылымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін!









