«ЖАС САРБАЗ» – ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ ЖАРЫС

    1 / 7

    2026 жылғы 12 қарашада №1 Новоишим орта мектебінде «Жас сарбаз» республикалық қоғамдық әскери-патриоттық қозғалысының балалар-жасөспірімдер клубтарының тәрбиеленушілері арасында серіппелі-поршеньді пневматикалық мылтықтан практикалық ату бойынша аудандық жарыс өткізілді.
    Жарысқа 12–14 жас аралығындағы оқушылар қатысып, өздерінің мергендік қабілеттерін, дәлдігін, ептілігін және шапшаңдығын сынады.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында әскери-патриоттық рухты қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, тәртіптілікке, жауапкершілікке және батылдыққа тәрбиелеу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ" жаңалықтары