Білім саласы

    Жетісу облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты

    Білім саласы

    Жыланды ауылдық округі аумағында 3 негізгі орта мектеп, Жетісу облысының қарамағындағы 1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты жұмыс істейді.

    Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей интернатында 242 оқушы, даярлық сыныбында -7 оқушы , мұғалімдер саны -47. Қазіргі уақытта бұл мектеп 48 тонна сұйық отынмен қамтамасыз етілген, жылыту маусымы жоспарға сәйкес өтуде. "Мектепке жол" акциясы аясында демеушілер көмегімен жалпы сомасы 800000 теңгеге 36 оқушы мектеп киімі және оқу құралдармен қамтамасыз етілді.

    Көкжар негізгі орта мектебінде 40 оқушы, даярлық сыныбында -4 оқушы , мұғалімдер саны -15. 2 оқушы негізгі мектепті аяқтап, 1- еуі колледжге, 1-еуі 10 сынып оқуға кетті. Қазіргі уақытта бұл мектеп 18 тонна көмірмен қамтамасыз етілген, жылыту маусымы жоспарға сәйкес өтуде.Көкжар мектебінде "Мектепке жол" акциясы аясында демеушілер көмегімен жалпы сомасы 200000 теңгеге 20 оқушыға оқу құралдармен қамтамасыз етілді. Жеке кәсіпкерлер 12 оқушыны киім-кешекпен қамтамасыз етті.

    Шынжылы негізгі орта мектебінде 31 оқушы, даярлық сыныбында – 3 бала, мұғалімдер саны – 14. Шынжылы мектебінде «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер көмегімен жалпы сомасы 220 000 теңгеге 13оқушы мектеп киімі және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

    Төңкеріс негізгі орта мектебінде 29 оқушы, даярлық сыныбында – 0 бала, мұғалімдер саны – 20.

    «Диана құрылыс» дүкені тарапынан 2 оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдарын алуға 70 000 теңге және 50 000 теңге, жалпы 120 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

    Жыланды округінің әкімі тарапынан 2 оқушыға 50 000 теңгеден 100000 тенге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

    Сонымен қатар, мектепте пән мұғалімдері Айтбаева Арнагүл, Өміржанова Гүлнұр, Арыстан Балжан – 6 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдарын алып берді.

    Жалпыға бірдей білім беру қорынан (ЖББ қоры) 15 оқушыға 508851 тенге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілді.

    Оқушылар білімді штаттық режимде алып жатыр. Қазіргі уақытта мектептер қатты отынмен толық қамтамасыз етілген, жылыту маусымы жоспарға сәйкес өтуде.

    Жүктеу
    695175e59fa4f265fc8bfbade350f4d5ab20a004a8fb0c0bfa99f458bd07b99b_original.13348.docx
    DOCX · 13 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызметтер бойынша ІІІ тоқсанға есеп

    Жыланды ауылдық округі әкімдігімен «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама (2026 жылдың IІІтоқсаны) Қазақстан Республикасы...

    Ақпарат

    Ауылшаруашылық саласы бойынша

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімді пайдалану, ауыл тұрғындарын жеке меншік малдарының ұрлықтан қорғауға қатысты іс-шаралардың іске асырылуын бақылау:Округ бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы 6781 га егістік жер...

    Есеп

    Бюджеттік бағдарламалардың ( кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есеп 2025 қаржы жылындағы есепті кезең

    Ақпарат

    Қаржы саласы бойынша

    «Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бюджеттің жылдық жоспарын бекіту және бекітілген жоспарға сәйкес уақытылы тиімді игеру іс-шаралары жүргізілді. «Мемлекеттік сатып алу заңына» сәйкес жұмыстар жүргізілді,...

    Ақпарат

    Денсаулық сақтау саласы

    Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алакөл аудандық ауруханасы» МКҚК Қабанбай ауылы бөлімшесінің Жыланды дәрігерлік амбулаториясының негізгі міндеттері Жыланды дәрігерлік амбулаториясы – ауыл тұрғындарына медициналық көмекті...

    Ақпарат

    Мемлекеттік қызметтер бойынша ІІ тоқсанға есеп