Департамент қызметкерлеріне арналған тренинг өтті

    1 / 9
    16 қазан 2026 жылы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл К. Иманғалиевтің төрағалығымен «Қоғаммен байланыс мәдениеті: шешендік шеберлік және іскерлік коммуникация» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
    Іс-шараны Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Қоғамдық келісімді дамыту институтының директоры Қ. Әшірханова өткізді.
    Тренингтің мақсаты – департамент қызметкерлерінің қоғаммен байланыс орнату мәдениетін жетілдіру, шешендік шеберлігін дамыту және іскерлік коммуникация дағдыларын нығайту.
    Іс-шара барысында көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, ойды нақты әрі жүйелі жеткізу, тиімді диалог құру, азаматтармен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас орнату және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қарастырылды.
    Сонымен қатар, қатысушылар кәсіби ортада тиімді коммуникация орнатудың маңыздылығын талқылап, қызметтік қарым-қатынаста кездесетін түрлі жағдайларды шешу жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
    Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға, қызметтік әдеп қағидаттарын нығайтуға және азаматтармен ашық әрі тиімді қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары