ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 3

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек заңнамасы бөлімінің бас мамандары – мемлекеттік еңбек инспекторлары Д.Калымов пен Б.Салық, Жылыой ауданы білім бөлімінің басшысы А.Д. Абдоловпен кездесті.

    Кездесу барысында Жылыой ауданы білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталу мәселелері, сондай-ақ еңбек қатынастары барысында туындауы мүмкін заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды.

    Атап айтқанда, еңбек шарттарын жасасу және бұзу тәртібі, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және тағы басқа да мәселелеріне назар аударылды.

    Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіріп, білім беру ұйымдарында еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

    Кездесудің негізгі мақсаты – жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуына жол бермеу шараларын жүргізу қажеттігі ескерілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары