Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті

    Департамент туралы

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ қызметі саласындағы негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Көктем сауда үйінде «Халық заңгері» акциясы өтті

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоғамда заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 - 2030 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында 2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен тұрғындарға құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осыған орай, «БТТ»ЖШС Көктем сауда үйінде «Халық заңгері» атты акциясы ұйымдастырылып, аталған шараға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас мамандары М.Губайдуллин мен Б. Салық қатысып, тұрғындардың еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарына жауап беріп, тиісті құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    26 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    KIOSH 2026: ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ XIV ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты (ЕҚРҒЗИ) және «ITECA» компаниясының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 28-30 сәуір аралығына белгіленген Астана қаласында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі XIV қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесі – KIOSH 2026 өтті. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған ауқымды Конференцияға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, «PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов, APOSHO бас директоры және NSCA Foundation төрағасы Берни Дойл және халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен спикерлер қатысты. Жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелерін ашық диалог алаңында талқыланған Конференцияның жоспарындағы алғашқы күнінде «Жасанды интеллект: Қазақстан қауіпсіздіктің жаңа моделін қалыптастыруда» тақырыбындағы стратегиялық пленарлық сессиясы болды. Оның аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев қатысушыларды еліміздегі еңбекті қорғау саласын цифрландырудың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларымен таныстырып өтті. Стратегиялық сессия барысында сарапшылар өндірістегі қауіпсіздікті арттырудағы жасанды интеллекттің рөлін талқылап, тәуекелдерді ерте анықтау және өндірістік жарақаттануды жүйелі түрде төмендету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.

    1 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 2026 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР-АҚПАН АЙЛАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК САЛАСЫНЫҢ АХУАЛЫ

    Жалпы облыс өңіріндегі кәсіпорындардағы жағдай тұрақты және бақылауда. Департаментке 2026 жылдың қаңтар-ақпан айында 983 өтініш тіркеліп, оның 853 қаралып нәтижесімен 428 азаматтың еңбек қатынастары бойынша конституциялық құқықтары қорғалды. 2026 жылғы қаңтар-ақпан айындағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен азаматтардан келіп түскен өтініштері негізінде кәсіпорындарға қабылданған шаралардың (тексеріс жүргізу, нұсқама енгізу, әкімшілік іс қозғау) нәтижесінде 5 мекемеден 30,3 млн. теңге жалақы берешектері өндіріліп, 15 жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды. Сондай-ақ, азаматтардың өтініштері бойынша тексеріс жүргізбей, жұмыс берушілермен тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы 10 жұмысшының 2,1 млн. теңге жалақылары өндіріліп, арыздары өтініш хат негізінде қараусыз қалдырылды. Еңбек инспекторларымен 2026 жылдың қаңтар-ақпан айында 63 тексеріс жүргізіліп, нәтижесімен 59 заң бұзушылықтар анықталды. Заң бұзушылықтарды жою туралы жұмыс берушілерге 42 тиісті нұсқама беріліп, 25 заңды тұлға әкімшілік іс қозғалып, 4,9 млн. теңге айыппұл салынды. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айында өңірдегі кәсіпорындарда 11 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, оның салдарынан 12 жұмысшы ауыр дене жарақатын алған. Барлық өндірістік жазатайым оқиғалар бойынша жүргізілген арнайы тергеу құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқыққорғау органдарына жолданды. Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының "Vizion Zero" (нөлдік жарақат) бағдарламасына 47 кәсіпорын қосылды. Бүгінгі таңда еліміздің кәсіпорындарын осы бағдарламаға қосу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Еңбек қатынастарында ең маңызды құжаттың бірі – ол еңбек шарты. 2021 жылы Еңбек кодексінде еңбек шарттарына қатысты маңызды толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, жұмыс берушілерге жұмыскерлердің еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеу міндеттелген (23 бап., 2 тар. 27 тармақша). Қазіргі уақытта, облыс бойынша 6 298 кәсіпорынмен 173 858 электрондық еңбек шарттары енгізіліп, жалпы 91,9 пайызды құрап отыр. Бұл бағытта қала, аудан әкімдерімен бірлесіп кәсіпорындармен тиісті түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Ай сайын Департаментпен мониторинг жүргізіліп, электрондық еңбек шартары енгізілмеген мекемелер мен кәсіпорындарға хат жолданып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген шетелдік қызметкерлердің қолданыстағы еңбек шарттарының толықтай қамтылуы 100 %-ды құрады. Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс берушілер жұмысшыларын еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға тиіс. Департамент Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ақпараттық жүйесі арқылы мониторинг жүргізіп, сақтандыру шартын жасамаған кәсіпорындарды анықтауда. 2026 жылғы ақпан қорытындысымен жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының жасалуы 80 % пайызды құрады. Бұл талаптар бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы бойынша, жеке тұлғаларға - он , лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Жалпы 2026 жылдың қаңтар-ақпан айын қоса алғанда 775 ұжымдық шарт цифрландырылып Еңбек HR жүйесіне енгізілді. Еңбек заңнамаларын сақталуын қамтамасыз ету мақсатында департаментке жүгінген 693 азаматқа құқық түсіндіру жұмыстары көрсетілді. Атырау облысында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттануды азайту және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

    3 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Исатай ауданы, Аққыстау ауылы "Абай" орта мектебінде ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді

    2026 жылғы 23 қаңтарда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Д.Калымов пен Б.Салық Исатай ауданы, Аққыстау ауылы «Абай орта мектебі» КММ-нің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының тиісінше сақталуына тоқталды. Атап айтқанда, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу, демалыс сомаларын төлеу мерзімдерін сақтау, қолданыстағы заңнамада көзделген міндетті әлеуметтік аударымдар мен өзге де төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібін сақтау бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.

    27 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы профилактикалық іс-шаралар

    Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 2025 жылдың 18 қыркүйегінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы И.Игамбердиев «Тодини Костуцион Дженерали С.п.А.» АК-нын Ақтөбе филиалынын жауапты уәкілдері мен жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі саласындағы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұмысшылардың қойған сауалдарына жауап берді.

    19 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Мемлекеттік еңбек инспекторларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша нұсқама берілді

    2025 жылғы 26 маусымда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл К.Иманғалиев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның көріністеріне жол бермеу мақсатында жоспардан тыс тағайындалған тексеріске баратын мемлекеттік еңбек инспекторлары Ж.Ермекқалиева мен М.Губайдуллинге арнайы нұсқама өткізді. Нұсқама барысында инспекторларға ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормалары, сондай-ақ қызмет барысында заңдылық пен бейтараптықты сақтау міндеттері түсіндірілді. Мұндай түсіндіру жұмыстары мемлекеттік қызметте ашықтықты қамтамасыз ету және қоғам сенімін арттыру бағытындағы жүйелі алдын алу шараларының бірі болып табылады.

    26 маусым 2025 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жалақы төлеу мерзімі?

    Жауап

    ҚР Еңбек кодексінің 113-бабының 1-тармағына сәйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ақшалай нысанда белгіленеді және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

    ·
    Сұрақ

    Жұмыс беруші жалақыны төлемесе не істеу керек?

    Жауап

    Жұмыскер ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жұмыс беруші туралы мәліметтерді, берешек кезеңін және бұзушылық мән-жайларын көрсете отырып, өтініш жолдауы қажет. Сондай-ақ, еңбек қатынастарын растайтын қолда бар құжаттарды қоса беру керек. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек, ұжымдық шарттарда көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі (ҚР ЕК 113-бабының 1-тармағы) .

    ·
    Сұрақ

    Еңбек шартын жазбаша нысанда жасау міндетті ме?

    Жауап

    Иә. Еңбек қатынастары тиісінше ресімделуі тиіс. Еңбек шартында жұмыстың негізгі шарттары, соның ішінде еңбек функциясы, жұмыс орны, шарттың мерзімі, жұмыстың басталу күні және заңнамада көзделген басқа да шарттар айқындалады. Еңбек шарты туралы мәліметтер сондай-ақ белгіленген тәртіппен Еңбек шарттарын есепке алудың біріңғай жүйесіне енгізілуге тиіс.

    ·
    Сұрақ

    Заңсыз жұмыстан шығару кезінде қайда жүгіну керек?

    Жауап

    Жұмыскер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу туралы өтінішпен ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне, сондай-ақ белгіленген заңнамалық тәртіпке сәйкес сот органдарына жүгінуге құқылы. Өтініш беру кезінде жұмыстан шығарылған күнді, еңбек шартының тоқтатылу себебін көрсету және ҚР ЕК 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды қоса беру маңызды.

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және олардың білімін тексеру тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығымен бекітілген, қолданыстағы Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, нұсқаулық беруді жүргізу және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту және білімдерін тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлер, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылған қызметкерлер оқудан өтіп, кейіннен білімдері жұмыс беруші белгілеген мерзімде, бірақ еңбек шарты жасалғаннан немесе ауыстырылғаннан кейін бір айдан кешіктірілмей тексеріледі. Оқудан және білімді тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Оқыту аяқталған соң білімдері тексеріледі (емтихан тапсырады), оны жұмыс берушінің актісімен құрылатын емтихан комиссиясы жүргізеді. Комиссия құрамы кемінде үш адамнан тұруы тиіс. Білімді тексеру нәтижелері тиісті хаттамамен ресімделеді. Қызметкердің білім нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, ол білімі қайта тексерілгенге дейін өз бетінше жұмыс істеуге жіберілмейді.

    ·
    Сұрақ

    Егер азаматтың соттылығы балалармен жұмыс істеуге байланысты болмаса және сот үкімімен педагог ретінде еңбек қызметіне шектеу қойылмаса, білім беру ұйымы оны жұмысқа қабылдаудан бас тартуға құқылы ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жұмысқа орналасу кезіндегі қандай да бір шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға немесе мемлекет тарапынан жоғары әлеуметтік және құқықтық қорғауды қажет ететін азаматтарды қорғауға негізделуі тиіс. Қазақстан Республикасында еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға қатысты тыйымдар мен шектеулер ҚР Еңбек кодексінің 26-бабында белгіленген. ҚР Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалыс және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер салаларындағы ұйымдарға адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығы мен имандылығына, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталған немесе соттылығы болған, сондай-ақ қылмыстық қудалауға тартылған немесе тартылып келген адамдарды жұмысқа қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте, қылмыстық қудалау ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдар аталған шектеуден ерекшеленеді. Көрсетілген талаптар кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ олардың моральдық-адамгершілік тәрбиесіне теріс ықпал етуі мүмкін факторлардың алдын алу мақсатында енгізілген. Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жұмыс берушінің жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау және ұйымның кадр саясатын қалыптастыру мәселелері бойынша дербес шешім қабылдауға құқығы бар. Осыған байланысты, егер азамат жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар жоғарыда аталған тізбеге кірмесе де, жұмыс беруші әрбір нақты жағдайда кандидаттарды белгілі бір лауазымға іріктеу мәселесін өз бетінше шешуге құқылы.

    ·