Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті.
Аталған міндеттемені орындау және жұмыс берушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы К. Иманғалиев пен Мемлекеттік аннуитеттік сақтандыру компаниясы филиалының өкілінің қатысуымен кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығы мен қажеттілігі, сондай-ақ жұмыс берушілердің заңнамада көзделген міндеттері түсіндірілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









