Атырауда 150-ден астам жұмыскердің жалақы берешегі өтелді
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Атырау облысында 153 жұмыскерге жалпы сомасы 58,5 млн теңге жалақы берешегі төленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Кемел Иманғалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, есепті кезеңде департаментке 4 645 өтініш келіп түскен. Оның 3 936-сы қаралып, 1 870 азаматтың еңбек құқықтары қорғалған. Тексеру нәтижесінде 22 мекемеден 40,3 млн теңге жалақы берешегі өндіріліп, 62 жұмыскердің құқығы қорғалды.
– Жалақыны уақытылы төлеу – жұмыс берушінің заңмен белгіленген міндеті. Департаментке келіп түскен өтініштер негізінде тиісті шаралар қабылданып, нәтижесінде бірқатар кәсіпорындағы берешек өтелді. Сонымен қатар жұмыс берушілермен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында тағы 91 жұмыскерге 18,2 млн теңге жалақы төленді, – деді Кемел Иманғалиев.
Қазір облыстағы 10 кәсіпорында 71 жұмыскерге жалпы сомасы 20,7 млн теңге жалақы берешегі бар. Департамент берешекті өтеу мәселесін бақылауда ұстап отыр.
Өңірде еңбек қатынастарын цифрландыру жұмыстары да жалғасуда. Биылғы тоғыз айда 7 776 кәсіпорынның электрондық еңбек шарттары “Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу” жүйесіне енгізілген. Электрондық еңбек шарттарымен қамту деңгейі 96 пайыз. Ал жүйеде тіркелген шетелдік қызметкерлердің қолданыстағы еңбек шарттары толықтай электрондық форматқа көшірілген.
2026 жылғы 9 айдың қорытындысы
1 / 2
Ұқсас материалдар

Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы бекітілген кестеге сәйкес Зеренді ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді
«Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММАшу
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛЮМИНИЙ КОМПОЗИТТІК ПАНЕЛЬДЕР ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 9 МЛРД ТЕҢГЕЛІК МАЛ СҮЙЕГІН ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Алмалы ауданында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтеді
Алмалы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіАшу
"Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары

Құрманғазы ауданында «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
Департамент қызметкерлеріне арналған тренинг өтті
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
Атырау облысында әлеуметтік-еңбек қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу