Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов облысымыздағы мұнайгазхимия саласындағы іске асырылып жатқан ұлттық ірі инвестициялық жобалардың бірі “Бірінші интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы. Екінші кезең: полиэтилен өндірісі” жобасы, операторы “Силлено» ЖШС-нің бас мердігерлері «Текнимонт КЗ» ЖШС, «SINOPEC Shanghai Engineering Company Limited» ЖШС және «Tecnicas Reunidas S.A.» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуге Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы К. Иманғалиев қатысты.
Кездесу барысында компания өкілдеріне еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, еңбек қауіпсіздігі жағдайын жақсартып, жұмысшыларды арнайы құралдармен қамтамасыз ету, жалақыларды уақытылы төлеу және жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы өзара жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, шетел жұмысшыларының Қазақстандық азаматтармен өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қандай да бір кемсітусіз, жұмыскерлерге бірдей еңбек үшін бірдей ақы, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдайлар қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысының орынбасары еңбек қатынасы заңдылық қағидаттарын сақтау, жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру және қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңыздылығын атап өтті.
Атырау облысы әкімінің орынбасары мұнай-газ химиясы саласындағы ірі инвестициялық жоба өкілдерімен кездесті
1 / 3
Ұқсас материалдар

Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы «Мұрсалы» шаруа қожалығы 500 гектар алқапқа бидай мен жүгері егеді. Егістік алқаптары отандық өндірістен шыққан жаңбырлатып суару жүйелері арқылы суарылады.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіАшуМемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы – азамат сенімінің негізі
«Долинка кенті әкімінің аппараты» ММАшу
РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ЕРЕН ЕҢБЕККЕ – ЕЛЕУЛІ ҚҰРМЕТ
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыАшу
МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыАшу
МЕРГЕНДІК. ШЕБЕРЛІК. ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН ЖІГЕР!: Абай облысында атудан тартысты турнир өтті
Абай облысының Полиция департаментіАшу
"Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары

Атырау облысында әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері марапатталды
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
2026 жылғы 9 айдың қорытындысы
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
Құрманғазы ауданында «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
Департамент қызметкерлеріне арналған тренинг өтті
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу