Сарқан қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктерін белсенді пайдалануда.
Сарқан аудандық полиция бөлімінің Жедел басқару орталығының операторлары қоғамдық орындардағы жағдайды тәулік бойы бақылап отырады. Бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу, темекі тұқылдарын белгіленбеген орындарға тастау және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер анықталуда.
Тіркелген әрбір дерек бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады. Құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылады.
Бұл жұмыстың басты мақсаты – құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап қана қоймай, олардың алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың қоғамдық тәртіп пен туған қаласының тазалығына деген жауапкершілігін арттыру.
Полиция қызметкерлері Сарқан ауданының тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіп талаптарын сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және тазалықты сақтауға шақырады.
Заң мен тәртіп – әр азаматтың жауапкершілігінен басталады!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









