Талдықорған қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицейлер түнгі профилактикалық рейдтер жүргізді.
Іс-шараға еріктілер, педагогтер, кураторлар және білім беру ұйымдарының басшылары да қатысты.
Рейд барысында дәмханалар, барлар және азаматтар көп жиналатын өзге де орындар тексерілді. Әсіресе түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдерді анықтауға баса назар аударылды.
Анықталған кәмелетке толмағандар мән-жайды анықтау үшін қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Олармен және ата-аналарымен тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде жүру себептері анықталуда.
Мұндай рейдтердің басты мақсаты – тек құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, балаларды ықтимал қауіп-қатерден дер кезінде қорғау, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу және ата-аналарға кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі үшін жауапкершілік жүктелетінін еске салу.
Профилактикалық іс-шаралар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жүйелі түрде жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








