БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК: ПОЛИЦИЯ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

    Жетісу облысында «Бала құқықтарын қорғау: ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімді тетіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдардың 65 өкілі қатысты.

    Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы күрес, сондай-ақ балаларды құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл ретте полиция органдарының атқаратын рөлі кеңінен талқыланды.

    Полиция өкілдері зорлық-зомбылық фактілерін дер кезінде анықтау, келіп түскен өтініштерге жедел ден қою, жасөспірімдер мен ата-аналар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар жасөспірімдер қылмыстылығының алдын алу және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау мәселелері қаралды.

    Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдарымен полицияның ведомствоаралық өзара іс-қимылына да баса назар аударылды.

    Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, бірлескен жұмыстың нақты шараларын талқылады.

    Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын уақтылы қорғау және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу барлық мүдделі органдардың үйлесімді әрі жүйелі жұмысына байланысты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары