ЖЕКЕ КӨМЕКШІЛЕР МЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

    Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы есептерді уақтылы тапсыру және құжаттарды қайта рәсімдеу қажеттігін еске салады.
    Жеке көмекшілерге:
    Көрсетілген қызметтер туралы есептер ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 1-інен 10-ына дейін тапсырылуы тиіс. Қызметтерге ақы төлеу ұсынылған есеп негізінде жүзеге асырылады.
    Абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі - АОЖБ) қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда:
    АОЖБ мерзімі аяқталғанға дейін нақты көрсетілген қызметтер бойынша есепті уақтылы тапсыру қажет. АОЖБ мерзімі аяқталғаннан кейін ақпараттық жүйеде есепті толтыру және тапсыру мүмкіндігі болмауы мүмкін.
    Қызмет алушыларға:
    Мүгедектікті қайта куәландырудан уақтылы өтулеріңізді сұраймыз. Мүгедектік мерзімі ұзартылғаннан кейін жаңа АОЖБ-ның рәсімделуін және онда жеке көмекші қызметінің көзделуін тексеру қажет. Қажет болған жағдайда жеке көмекші қызметін алу үшін ХҚКО немесе eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы тиісті өтінішті уақтылы беру қажет.
    Қызметтерді ұсыну және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу кезінде кідірістерге жол бермеу үшін құжаттарды қайта рәсімдеуді және есептерді тапсыруды соңғы күнге қалдырмауларыңызды сұраймыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" жаңалықтары