МҮГЕДЕКТІГІ БАР БІРІНШІ ТОПТАҒЫ АДАМДАРДЫ АЛЫП ЖҮРУШІ ТҰЛҒАЛАРҒА САНАТОРЛЫҚ-КУРОРТТЫҚ ЕМДЕУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ ТҮРІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

    Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы бекітілді (бұдан әрі - Қағида).

    ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК:

    • жеке оңалту бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) көзделген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды алып жүруші тұлғаларға ұсынылады.

    Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші санаторлық-курорттық емдеуден кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей келесі құжаттарды қоса бере отырып, әкімшіге өтініш ұсынады:

    1) белгіленген нысандағы өтініш;

    2) жеке басты куәландыратын құжат;

    3) шот-фактура немесе фискалды чек;

    4) атқарылған жұмыстар актісі;

    5) екінші деңгейдегі банктегі банктік шот нөмірі туралы мәліметтер.

    ҚАЙТАРУ СОМАСЫ: нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 55 АЕК-тен аспайтын (237 875 теңге) мөлшерде.

    📌МАҢЫЗДЫ!

    • әлеуметтік көмек санаторлық-курорттық емдеуді ұсынатын ТЕК ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ҒАНА ТАҢДАЛҒАН ұйымда болған кезеңге бір адамға беріледі;
    • әлеуметтік көмек АСТАНА ҚАЛАСЫНДА ТIРКЕЛГЕН ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН АЗАМАТТАРҒА ҰСЫНЫЛАДЫ;
    • ҚОСЫМША ТӨЛЕМНІҢ СОМАСЫ ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ(Санаторлық-курорттық емделуді кепілдік берілген сомадан асатын бағамен сатып алған кезде мүгедектігі бар адам кепілдік берілген сома мен олардың нақты құны арасындағы айырманы өз қаражаты есебінен дербес төлейді).
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" жаңалықтары