Тұрғын үйлерді газдандыру бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпарат

    Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету қағидасына сәйкес, тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің төрт еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, меншік иесінің және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмағанда, Астана қаласы газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыруға жататын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын:

    –жасы бойынша зейнеткерлерге; мүгедектігі бар адамдарға; мүгедектігі бар балаларға; көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға; жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне.

    Әлеуметтік көмектің көлемі 130 АЕК (562 250 теңге) аспайтын газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

    Әлеуметтік көмек алу үшін www.egov.kz (Электрондық өтініштер) веб-порталы арқылы немесе Бейбітшілік көшесі, 9-үйде орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына төмендегі құжаттарды қосып өтініш ұсынады:

    1) жеке басын куәландыратын құжат;

    2) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;

    3) мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткерлiк куәлiгi, мүгедектiк туралы анықтама, балалардын туу туралы куәліктері);

    4) отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың бар (жоқ) екендігi туралы анықтама;

    5) газ жабдығын тартуға және орнатуға байланысты тұлғаның шеккен шығындарын растайтын акт және/немесе құжат (сервистік қызмет көрсетуге арналған шарты, жабдықты сатып алу чектері, орындалған жұмыстар актісінің көшірмелері);

    6) екінші деңгейлі банктегі немесе «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы банк шоты туралы мәліметтер.

    Құжаттар түпнұсқада және салыстыру үшін көшірмелерде ұсынылады.

    Толық кеңес алу үшін төмендегі телефондарға хабарласуға болады:

    –«Алматы» ауданы бойынша:55-01-74

    – «Сарыарқа» ауданы бойынша:55-14-87

    – «Нұра» ауданы бойынша: 55-68-40

    – «Сарайшық» ауданы: 55-68-22

    – «Есіл ауданы»: 55-74-50

    – «Байқоңыр ауданы»: 55-72-32

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" жаңалықтары