Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға, егер олардың жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаса, көрсетіледі.
Жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының әрбір отбасы мүшесіне ай сайын шаққандағы үлесі.
АӘК тағайындау үшін кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде айқындалады.
2026 жылдың 4-тоқсанында Астана қаласы бойынша кедейлік шегі орташа табысқа қарай - 52 840 теңгені құрады.
Отбасыларды зерттеуді жергілікті комиссиялар жүргізеді, олардың материалдық жағдайын зерттеу негізінде отбасылардың АӘК-ке қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.
Тексеру туралы есеп FSM «Social» мобильді қосымшасы арқылы жасалады.
АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
Шартсыз материалдық көмек мыналарға көрсетіледі:
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты немесе жалғыз басты аз қамтылған тұлғаларға:
- зейнеткерлік жасқа жетуіне;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік;
- екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурудың болуы;
- Еңбекке қабілетті адамдар қосылмаған немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, сырттан қамқорлық пен көмекті қажет ететін қарт адамды бағып-күтумен айналысатын аз қамтылған отбасылар.
Шартсыз материалдық көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты материалдық көмек жалғыз басты немесе жалғыз басты аз қамтылған еңбекке қабілетті азаматтарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға көрсетіледі.
АӘК келесіні көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АӘК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем ұсыну.
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар ұсыну, біліктілікті арттыру курстарына жолдау (қажет болған жағдайда) және өзге де қолдау шаралары арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
АӘК мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма ретінде есептеледі.
АӘК тағайындау бойынша кеңес алу үшін Астана қаласы әкімдігінің «Мансап орталығына» жүгінуге болады.









