Қосшы қаласында қайталама қылмыстылықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді

    Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен полиция бөлімімен бірлесіп, «Қылмыстың қайталануының алдын алу» жобасын іске асыру шеңберінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және әкімшілік қадағалауда тұрған тұлғаларды тұрғылықты жерлері бойынша тексеру мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.

    Рейд барысында есепте тұрған тұлғалардың тұрмыс жағдайлары зерделеніп, олардың тіркелген мекенжайлары бойынша нақты тұруы, сондай-ақ сот жүктеген міндеттер мен белгіленген шектеулерді сақтауы тексерілді.

    Сонымен қатар, аталған тұлғалармен қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, заң талаптарын сақтау және белгіленген шектеулерді бұзудың құқықтық салдары жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, есепте тұрған тұлғалардың сот жүктеген міндеттер мен шектеулерді сақтауын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

    Аталған бағыттағы жұмыс Қосшы қаласы прокуратурасының тұрақты бақылауында.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары