Барлығы ұсақ-түйектен басталады: ЖБО камералары кезекті құқық бұзушылықтарды тіркеді

    1 / 2

    Күнделікті қарбалас тіршілікте кейде көзге елеусіз көрінетін ұсақ құқық бұзушылықтардың біртіндеп әдетке айналып бара жатқанын байқамай қаламыз. Қоқысты жәшікке салмай, жерге тастау, темекі тұқылын көшеге лақтыру, тыйым салынған орындарда темекі шегу, қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүру – мұның бәрі кейде болмашы нәрсе сияқты көрінуі мүмкін. Алайда қоғамдағы жалпы тәртіп пен мәдениет дәл осындай әрекеттерден қалыптасады.

    Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнекамералары құқық бұзушылықтарды тәулік бойы тіркеп отырады. Кезекті бейнежазбалар ешбір заң бұзушылық назардан тыс қалмайтынын тағы бір мәрте көрсетті. Анықталған әрбір дерек бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

    Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатының мақсаты – тек жазалау емес, заңға және айналадағы адамдарға деген құрметті қалыптастыру. Көшелердің тазалығы, жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты.

    Жерге тасталған әрбір темекі тұқылы қоршаған ортаны ластайды. Жол қозғалысы ережелерін елемеу орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Заңды сақтау күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары