ПОЛИЦИЯ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРДІ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

    1 / 2

    Жетісу облысының полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл ретте жүргізушілермен қатар жаяу жүргіншілердің де тәртібіне ерекше назар аударылады.

    Атап айтқанда, Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы полицейлер жолды белгіленбеген жерден кесіп өту деректерін анықтауда. Жыл басынан бері өңірде осындай 9 487 құқық бұзушылық тіркелген.

    Әсіресе, жол қозғалысы ережелерін бұзу арқылы балаларға теріс үлгі көрсететін ересектердің әрекеті алаңдатады. Өйткені өскелең ұрпақ көбіне үлкендердің іс-әрекетіне қарап бой түзейді.

    Жол қателікті кешірмейтінін ұмытпаған жөн. Жаяу жүргіншінің жолға кенеттен шығуы қайғылы жағдайға әкеліп, өзінің ғана емес, жол қозғалысының өзге де қатысушыларының өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

    Полиция тұрғындар мен өңір қонақтарын жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтуге және жол қауіпсіздігі әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын есте ұстауға шақырады!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары