Рөлге есірткілік масаң күйде отырған жүргізуші: Жетісу облысында азамат 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

    1 / 2

    Есірткілік масаң күйде көлік құралын басқару — жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылық.

    Жетісу облысында полиция қызметкерлері каннабиноидтарды тұтыну салдарынан есірткілік масаң күйде Geely Emgrand маркалы автокөлікті басқарған жүргізушіні анықтап, құқық бұзушылықтың жолын кесті.

    Сот шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

    Полиция масаң күйде көлік тізгініне отыру тек жүргізушінің өз өміріне ғана емес, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне де қатер төндіретінін ескертеді. Мұндай жауапсыздықтың салдары орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

    Алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік басқармаңыз! Жол қауіпсіздігі — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары