Жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Құлсары балалар өнер мектебі» КММ-нің мамандарымен кездесу өткізілді.
Кездесуге Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің еңбек заңнамасы бөлімінің бас мамандары, мемлекеттік еңбек инспекторлары Б. Салық пен Д. Қалымов қатысты.
Кездесу барысында мамандар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы негізгі талаптарға тоқталып, еңбек шартын жасасу және бұзу тәртібі, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек демалысын беру, жалақы төлеу, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктері жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, еңбек қатынастары барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында жауаптар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









