3-5 қараша күндері Алматыда ислам әлемінің мәдени мұрасы мәселелеріне арналған ІІ өңірлік семинар өтіп жатыр. Іс-шараны ИСЕСКО-ның Бакудегі өңірлік кеңсесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және ИСЕСКО-ның Ислам әлемі мұрасы орталығы ұйымдастырды.
Семинарға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, мәдени мұраны қорғау жөніндегі сарапшылар мен мамандар қатысып жатыр.
Жиын өңір елдерінің ынтымақтастығын нығайтуға, материалдық және материалдық емес мәдени мұраны сақтау ісінде тәжірибе алмасуға және мамандардың білігін арттыруға бағытталған.
Үш күн бойы қатысушылар ИСЕСКО-ның мұраны қорғауда қолданатын халықаралық әдістерімен танысып, нысандарды Ислам әлемінің мұра тізіміне енгізуге қажетті құжаттарды әзірлеу тәртібін меңгереді. Сондай-ақ олардың тарихи және мәдени құндылығын бағалау тәсілдерін зерделейді.
Тәжірибелік сабақтарда мұра нысандарын түгендеу, тізімге ұсыну құжаттарын дайындау, оларды сақтау және ұзақ мерзімге тиімді басқару жоспарларын әзірлеу жолдары қарастырылады.
Алғашқы өңірлік семинар Бакуде өткен болатын. Алматыдағы екінші басқосу өңір елдерінің мәдени мұраны сақтау және оны халықаралық деңгейде таныту бағытындағы бірлескен жұмысын жалғастырады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








