Түркістандағы Достық үйінде «Мәдениетаралық коммуникация – қоғамдық оптимизмді нығайтудың факторы ретінде» атты екі күндік семинар басталды.
Семинарға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қатысушылар мәдениетаралық байланысты кеңейту, қоғамда сыйластықты нығайту және сындарлы пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру жолдарын талқылады.
Сарапшылар этносаралық қарым-қатынасты жетілдіру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ семинар аясында әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, құқықтық мәселелер бойынша кеңес берілді.
Семинар мәдениетаралық диалогты дамытуға, құқықтық сауатты арттыруға және түрлі этнос өкілдері арасындағы татулықты нығайтуға бағытталған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









