Қарашілік ауылының тұрғыны «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапатталды
Қарашілік ауылдық округіне қарасты Қарашілік ауылының тұрғыны Ерденова Айгүл Базарбаевна Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 13 қазандағы Жарлығына сәйкес «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапатталды.
Ерденова Айгүл Базарбаевна 1983 жылғы 26 шілдеде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Көкмардан ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Қарашілік ауылдық округіне қарасты Қарашілік ауылында тұрады.
Жұбайы – Канапиянов Максат Ардакович. Отбасында алты бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана.
Қазіргі уақытта Айгүл Базарбаевна Қарашілік орта мектебінде тәрбиеші қызметін атқарып, жас ұрпақтың тәрбиесі мен қалыптасуына өз үлесін қосып келеді.
2026 жылғы 2 қарашада Қарашілік ауылдық округінің әкімі Жанат Сакмолдин салтанатты жағдайда Айгүл Базарбаевнаға «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын табыстады.
«Күміс алқа» – көпбалалы аналарға көрсетілетін ерекше құрмет пен аналық еңбекті бағалаудың белгісі.
Осы айтулы марапатқа ие болған Айгүл Базарбаевнаны шын жүректен құттықтаймыз! Отбасына амандық, зор денсаулық, бақ-береке, еңбегіне табыс тілейміз. Балаларының қызығын көріп, ұрпақтарының ортасында әрдайым сый-құрметке бөлене берсін!
Марапатыңыз құтты болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









