
Халықаралық отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аудан әкімінің Алғыс хатымен өз еңбегімен және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуымен үлгі болып жүрген Төлемісов Руслан Амандыбайұлы және Бәйметенова Тұрсынай Оразғалиқызы марапатталды.
Сонымен қатар, 2025 жылы «Алтын кітапқа» енген Қызайбайевтар отбасы отбасы құндылықтарын дәріптеп, өнегелі отбасылардың қатарынан көрініп келеді. Мерекелік шарада аталған отбасы көпшілікке ән-шашуын тарту етіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік шара барысында отбасы бірлігі, ата-анаға құрмет, бала тәрбиесі мен ұрпақ сабақтастығы туралы айтылып, қатысушыларға ізгі тілектер білдірілді.
Отбасы – береке мен бірліктің бастауы! Әр шаңыраққа амандық, бақыт, татулық пен молшылық тілейміз!








