Қазақстан Цифрлық қоғамдық игіліктер альянсына (бұдан әрі - DPGA) қосылды. Бұл туралы Парижде өткен Альянс мүшелерінің жыл сайынғы кездесуі аясында жарияланды. Мүшелік цифрлық мемлекеттік басқару, ашық технологияларды дамыту және тәжірибе алмасу саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
DPGA БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін ашық бағдарламалық қамтамасыз етуді, деректерді және жасанды интеллект модельдерін дамытуға және таратуға жәрдемдесетін мемлекеттер мен ұйымдарды біріктіреді.
Қазақстанның Альянс жұмысына қатысуын Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) бірлесіп қамтамасыз етеді. «ҰАТ» АҚ цифрлық үкімет инфрақұрылымын, цифрлық платформаларды, мемлекеттік қызметтерді дамытудың, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын енгізу мен мемлекеттік секторда деректермен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, Альянс қызметіне өз үлесін қосады.

«Қазақстанның Цифрлық қоғамдық игіліктер альянсына кіруі – халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және отандық цифрлық шешімдерді ілгерілету үшін маңызды қадам. «ҰАТ» АҚ үшін бұл мемлекеттің цифрлық инфрақұрылымын құру және дамыту тәжірибесімен бөлісуге, үздік халықаралық тәжірибелерді үйренуге және қазақстандық әзірлемелерді басқа елдерде одан әрі қолдану үшін бейімдеу әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді»,- деп «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Шыңғыс Оразалимов атап өтті.
Бекітілген «DPGA Жол картасына» сәйкес, Қазақстан үш бағытқа назар аударады:
DPGA мүшелігі Қазақстанға цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытудың халықаралық күн тәртібіне белсендірек қатысуға, серіктестік байланыстарды нығайтуға және халықаралық аренада отандық технологиялық шешімдерді таныту мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бекітілген «DPGA Жол картасына» сәйкес, Қазақстан үш бағытқа назар аударады:
- Азия даму банкімен және БҰҰ Университетімен бірлесіп, жасанды интеллектіні цифрлық қоғамдық игілік ретінде пайдалану бойынша ұсыныстарды зерттеуді және тестілеуді дамыту;
- DPG стандартына сәйкес ашық бастапқы кодты шешімдерді ұсыну мүмкіндіктерін зерделеу;
- халықаралық білім алмасуды және Қазақстанның мемлекеттік цифрлық жүйелерді әзірлеу мен пайдаланудағы тәжірибесіне негізделген әлеуетті арттыруды қолдау, соның ішінде «5 жылда 50» науқаны аясында.
DPGA мүшелігі Қазақстанға цифрлық қоғамдық игіліктерді дамытудың халықаралық күн тәртібіне белсендірек қатысуға, серіктестік байланыстарды нығайтуға және халықаралық аренада отандық технологиялық шешімдерді таныту мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.