«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Таразда жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды

    1 / 3

    Шараға қаладағы бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері белсене қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

    Сенбілік барысында қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан арылтты. Сондай-ақ жасыл желектердің айналасы ретке келтіріліп, қала аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

    Мұндай экологиялық шаралардың басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған қалаға деген жауапкершілікті арттыру.

    Тазалық – баршаға ортақ міндет. Әрбір тұрғын өзі тұратын ортаның көркеюіне үлес қосса, қаламыз да көркейіп, жайлы мекенге айнала түседі.

    Таза қала – ортақ жауапкершілік!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары