2026 жылғы 29 қарашада Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.
Бұл маңызды қоғамдық-саяси оқиға тұрғындарға өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік береді.
Тараз қаласында дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу үшін 525 сайлау учаскесі тіркелген.
Әрбір сайлау учаскесінде сайлау үдерісінің ашықтығын, жариялылығын және заңдылығын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалады.
Сайлауға қатысу – әрбір азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен қатар туған қаласы мен елінің дамуына үлес қосу мүмкіндігі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








