Президент Жолдауындағы әлеуметтік саясат басымдықтары талқыланды

    1 / 2

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында айқындалған басымдықтарды түсіндіру және оларды іске асыру мәселелерін талқылау мақсатында Қарасай ауданы мен Қонаев қаласында жұмыс тобының кездесулері өтті.
    Жұмыс тобының құрамында Құрылтай депутаттары, «Қазақстан Халық Кеңесі» өкілдері және Үкімет мүшелері болды.
    Кездесуге Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғ. Майлыбаев, Қарасай ауданы әкімінің орынбасарыА. Жандосов, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б. Ботабекова және №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы К. Естеуова қатысты.
    Жиында энергетика саласын дамыту, әлеуметтік-мәдени реформалар, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, атаулы әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағыттары талқыланды.
    Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
    Жиынның басты мақсаты – Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді халыққа түсіндіру және оларды жергілікті деңгейде іске асыру мәселелерін талқылау.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" жаңалықтары