ТЖМ пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді.
Тұрғындарға мұржаларды уақтылы тазалап, пештердің, электр сымдарының және жылыту құрылғыларының жарамдылығын үнемі тексеріп отыру ұсынылады.
Өрттің алдын алу және иіс газынан уланудан қорғанудың тиімді тәсілдерінің бірі – өрт хабарлағыштарын, сондай-ақ түтін мен иіс газын анықтайтын датчиктерді орнату. Сонымен қатар олардың жарамдылығын жүйелі түрде тексеріп, қуат көздерін уақытылы ауыстыру қажет. Егде жастағы туыстарға ерекше көңіл бөліп, олардың үйлеріндегі қауіпсіздік жағдайын үнемі тексеріп отырған жөн.
Бұл талаптарды елемеудің қаншалықты қауіпті екенін Успен ауданында болған оқиға көрсетеді. Ауылдардың бірінде 85 жастағы әйел иіс газынан уланып, ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға мұржаның тазаланбауы себеп болған.
Айта кетейік, зейнеткердің үйіне бұған дейін жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен иіс газын анықтайтын датчик орнатылған. Тамыз айында профилактикалық рейд барысында ТЖМ қызметкерлері тұрғынға пешті жылыту маусымына дайындау қажеттігін ескертіп, датчиктің жарамдылығын тексерген. Алайда кейіннен үй иесі сағатқа пайдалану үшін датчиктің бір батарейкасын алып қойған.
ТЖМ ескертеді: иіс газының түсі де, иісі де жоқ, сондықтан ол адам өміріне аса қауіпті. Жарамды иіс газын анықтайтын датчик пен мұржаны уақтылы тазалау адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қауіпсіздік талаптарын елемеңіздер! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









