Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау саласында еріктілерді оқытуды ұйымдастырды.
Оқу бағдарламасы теориялық және практикалық сабақтарды қамтыды. Сабақ барысында қатысушылар азаматтық қорғау негіздерін, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл тәртібін және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді меңгеруде. Сонымен қатар топографиялық карталармен және компаспен жұмыс істеу бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
Оқыту аясында еріктілер үшін Павлодар қаласындағы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесіне экскурсия ұйымдастырылды. Онда қатысушыларға арнайы техника, авариялық-құтқару жабдықтары мен өрт сөндіру бөлімшелерінің жарақтандырылуы таныстырылды.
Оқытуға Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы да қатысты. Бұл еріктілерді даярлаудың және кәсіби қызметтер мен еріктілер бірлестіктері арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын айқындай түсті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









