1 / 2
Павлодар облысының ТЖД психологтары Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, эмоционалдық күйзелістің алдын алуға арналған іс-шара өткізді.
Кездесу барысында Павлодар қаласының Отбасын қолдау орталығының психологы Альмира Амангелдіқызы Чужаева эмоционалдық күйзелістің себептері мен негізгі белгілері, ұзаққа созылған стресстің әсері, сондай-ақ эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау, өзін-өзі реттеу және ішкі ресурстарды қалпына келтіру тәсілдері туралы айтып берді.
Ерекше назар жұмысы жоғары жүктемемен, үлкен жауапкершілікпен және күрделі жағдайларда жедел шешім қабылдау қажеттілігімен байланысты төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерінің психологиялық саулығына аударылды.









