Павлодар өңірінде 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда

    1 / 3

    Қазіргі таңда инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес 13 іс-шара орындалды. Жүргізілген жұмыстар аясында 150 метр қорғаныс бөгеті салынып, нығайтылды, ұзындығы 2 115 метр су бұру арығы салынды, сондай-ақ 5 су өткізу құбыры орнатылып, жөнделді.

    Жаңа құбырлар «Богатырь – Қаратай», «Луганск – Константиновка» және «Рождественка – Павловка» автожолдарының учаскелерінде орнатылуда. Жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар облыстың қалалары мен аудандарындағы елді мекендерді қамтиды және оларды ықтимал су тасқынынан қорғау деңгейін арттыруға бағытталған. Қалған іс-шаралар бойынша жұмыстар белгіленген мерзімдерге сәйкес жалғасуда.

    Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың № 4 гидроторабындағы № 87 бөгетті реконструкциялауға ерекше назар аударылуда. 2026 жылы жобаны іске асыру жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта тірек призмасын салу, дренаж жүйесі мен су өлшеу бекетін қалпына келтіру, жоғарғы еңістің плиталарын жөндеу, сондай-ақ автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылғы желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

    2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары