БАНК ШОТТАРЫН БҰҒАТТАУ: ҚАНДАЙ САЛЫҚ БЕРЕШЕГІ КЕЗІНДЕ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық берешегін өндіріп алудың жаңа тәртібі қолданылады. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары берешек сомасына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

    1. Берешек 20 АЕК-ке дейін (86 500 теңгені қоса алғанда)

    Берешек туралы хабарлама жіберіліп, өсімпұл есептеледі.

    Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылмайды, осы берешек негізінде банк шоттары бұғатталмайды.

    2. Берешек 20 АЕК-тен асқанда (86 500 теңгеден жоғары)

    Берешек өтелмеген жағдайда:

    Банк шоттары мен касса бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұруы мүмкін.

    Инкассолық өкімдер арқылы берешек өндіріп алынады.

    3. Берешек 45 АЕК-тен асқанда (194 625 теңгеден жоғары)

    Қосымша шаралар:

    Мүлікке билік етуді шектеу.
    Дебиторлар есебінен берешекті өндіріп алу.
    Мүлікті заңнамада белгіленген тәртіппен өткізу.

    4. Берешек 27 000 АЕК-тен асқанда (116 775 000 теңгеден жоғары)

    Берешек үш айдан астам уақыт өтелмеген және заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда, сот шешімімен заңды тұлғаның бірінші басшысының немесе жеке кәсіпкердің Қазақстаннан шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін.

    Салық берешегін қалай тексеруге болады?

    Салық төлеушінің кабинеті.

    Мемлекеттік кірістер комитетінің порталы — kgd.gov.kz.

    e-Salyq Business мобильді қосымшасы.

    МАҢЫЗДЫ!

    Банк шоттары бойынша шығыс операциялары Салық кодексінде көзделген өзге де негіздер бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.

    Берешек анықталған жағдайда оны уақтылы өтеу немесе мемлекеттік кірістер органымен есеп айырысуларды салыстырып тексеру ұсынылады.

    Құқықтық негіз: ҚР 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің 86, 87, 185 және 186-баптары.

    Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық міндеттемелерін уақтылы орындауға және берешектің туындауына жол бермеуге шақырады.
    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары