Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Алмас Шаймерденовтің төрағалығымен көлік құралдары иелерінің салық берешегін өндіру мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.
Жиынға прокуратура, әділет органдарының және жеке сот орындаушыларының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында көлік құралдары иелерінің салық берешегін өндіріп алу, берешекті азайту және осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушылар берешекті мәжбүрлеп өндіру шараларын күшейту және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын қорытындысы бойынша салық берешегі бар көлік құралдарының иелеріне қатысты бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 29 қазанда Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен құзырлы органдардың өкілдері бірлесіп, салық берешегін өндіруге бағытталған рейдтік іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
Аталған жұмыстар салық берешегін азайтуға, бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз етуге және салық міндеттемелерінің уақтылы орындалуына бағытталған.









