ЭЛЕКТРОНДЫҚ ШОТ-ФАКТУРАНЫ АЛУШЫНЫҢ РАСТАУЫ: ЖАҢА ТЕТІК ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) алушылардың растауы бойынша жаңа тетік қолданысқа енгізілді.

    Қандай құжаттарды растау қажет?

    Түзетілген ЭШФ;

    Қосымша ЭШФ;

    Бұрын жазып берілген ЭШФ-ны кері қайтарып алу.

    ЭШФ-ны кімдер растауы тиіс?

    ҚҚС төлеушілер құжатты растауға немесе келіспеген жағдайда қабылдамауға міндетті.

    ҚҚС төлеуші болып табылмайтын тұлғалар құжатты 10 күнтізбелік күн ішінде қабылдамауға құқылы. Егер осы мерзімде қабылданбаса, құжат автоматты түрде расталған болып есептеледі.

    Жаңа тетік қалай жұмыс істейді?

    Жеткізуші түзетілген немесе қосымша ЭШФ жазып береді не бұрынғы ЭШФ-ны кері қайтарып алуға бастамашылық жасайды.

    ЭШФ ақпараттық жүйесінде құжатқа «Алушының растауын күтуде» мәртебесі беріледі.

    Алушыға тиісті хабарлама келіп түседі.

    Алушы құжатты тексеріп, оны растайды немесе қабылдамайды.

    Расталғаннан кейін құжат тиісті қолданыстағы мәртебеге ие болады.

    Растау мерзімдері

    ҚҚС төлеушілер құжатты талап қою мерзімі шегінде растай немесе қабылдамай алады.

    ҚҚС төлеуші болып табылмайтын тұлғаларға құжатты қабылдамау үшін 10 күнтізбелік күн беріледі.

    МАҢЫЗДЫ!

    ҚҚС төлеушінің растауын күтіп тұрған түзетілген және қосымша ЭШФ расталғанға дейін қолданыстағы құжат болып есептелмейді.

    Құқықтық негіз:

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 499, 500 және 501-баптары.

    Салық төлеушілерге ЭШФ ақпараттық жүйесіндегі кіріс құжаттарын тұрақты түрде тексеріп, оларды уақтылы растауды немесе қабылдамауды ұсынамыз.
    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары