Шу ауданындағы мәдениет үйінде жоспардан тыс тексеру жүргізілуде

    1 / 2

    Шу ауданындағы мәдениет үйінде жоспардан тыс тексеру жүргізілуде

    Мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмаханов Шу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында.

    Тексерудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалуын және еңбек қатынастарының заң талаптарына сәйкес жүргізілуін бақылау.

    Тексеру барысында еңбек шарттарының жасалуы, қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібі, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының сақталуы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының орындалуы мәселелеріне назар аударылады.

    Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеті – еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары