«QazAvtoJol» АҚ Жамбыл облыстық филиалында тексеру жұмыстары жүргізілуде

    «QazAvtoJol» АҚ Жамбыл облыстық филиалында тексеру жұмыстары жүргізілуде

    Мемлекеттік еңбек инспекторлары Б. Әбді мен Н. Досмахановтың қатысуымен «QazAvtoJol» акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалында тексеру жұмыстары жүргізілуде.

    Тексерудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу.

    Тексеру барысында еңбек шарттарын жасасу тәртібінің, қызметкерлерге еңбекақы төлеудің, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимінің сақталуы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы мәселелеріне назар аударылады.

    Сонымен қатар, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, жұмыс берушінің міндеттері мен қызметкерлердің құқықтары бойынша түсіндіру жұмыстарына ерекше мән беріледі.

    Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, еңбек қатынастарындағы заңдылықты нығайтуға және қызметкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары