«Sinohydro Bureau 6 Co., Ltd» ЖШС филиалында жоспардан тыс тексеру жүргізілді

    «Sinohydro Bureau 6 Co., Ltd» ЖШС филиалында жоспардан тыс тексеру жүргізілді

    Мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмаханов Шу ауданында орналасқан «Sinohydro Bureau 6 Co., Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалында жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізді.

    Тексерудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу.

    Тексеру барысында еңбек заңнамасы талаптарының орындалуына назар аударылып, жұмыс берушінің қызметкерлер алдындағы міндеттері қарастырылды.

    Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторы серіктестік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіріп, еңбек шарттарын жасасу, еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытын сақтау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ақпарат берді.

    Мұндай түсіндіру жұмыстары қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек құқықтарын қорғауға және еңбек қатынастарында заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары