Азаматтық қорғаныс қызметінің болашағы: Павлодар облысының ТЖД-де қызмет өтеуге мерзімді әскери қызметшілерді тарту

    1 / 4

    Білікті кадрларды даярлау — азаматтық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі.

    Абай облысының Семей қаласына қызметтік іссапар аясында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қыдыржан Айтенұлы Наскенов запасқа шығарылуға жататын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілерімен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

    Кездесудің негізгі мақсаты — жас әрі болашағы зор кадрларды азаматтық қорғау органдарына қызметке тарту, сондай-ақ әскери қызметшілерге одан әрі кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.

    Әңгімелесу барысында әскери қызметшілерге қызметке қабылдану тәртібі, кандидаттарға қойылатын талаптар, қызмет өткерудің ерекшеліктері, мансаптық өсу перспективалары және көзделген әлеуметтік кепілдіктер түсіндірілді. Азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға бағытталған маңыздылығына ерекше назар аударылды.

    Азаматтық қорғау органдарындағы қызмет жоғары жауапкершілікті, тәртіптілікті, кәсіби даярлықты және күрделі әрі қауіпті жағдайларда адамдарға көмек көрсетуге дайын болуды талап етеді. Мерзімді әскери қызметін аяқтаған жастар үшін бұл — Отанға қызмет етуді жалғастыруға, кәсіби тәжірибе жинақтауға және қоғам үшін маңызды салада өз қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік.

    Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 2-2025 жылғы шақырылымның бес мерзімді әскери қызметшісі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау органдарында қызметін жалғастыруға ниет білдірді.

    Мұндай кездесулер кадрлық резервті қалыптастыруға, ынталы кандидаттарды тартуға және азаматтық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

    Жастарға кәсіптік бағдар беру және қызметке кандидаттарды тарту жұмыстары жалғастырылатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары