Спорт, командалық рух және жеңіске деген жігер: Павлодар облысы ТЖД-де волейболдан чемпионат өтуде

    1 / 3

    2025 жылғы 29–30 қазан аралығында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде аумақтық бөлімшелер командалары арасында волейболдан чемпионат өтуде.

    Жарысқа азаматтық қорғау органдарының 160-тан астам қызметкерін біріктірген 19 команда қатысуда.

    Чемпионат дене шынықтыру мен спортты насихаттауға, қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға, командалық рух пен ұжымдық ауызбіршілікті дамытуға, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары жеке құрамының дене дайындығын арттыруға бағытталған.

    Қатысушылар жарыс барысында спорттық шеберліктерін, жеңіске деген жігері мен командалық бірлігін көрсетуде. Мұндай жарыстар Павлодар облысы ТЖД бөлімшелері арасындағы кәсіби және жолдастық байланысты нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, өзара көмек пен үйлесімді жұмыстың спорт алаңында да, қызметтік міндеттерді орындау кезінде де маңызды екенін көрсетеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары