«Сейіл салған әндер-ай...» — әсем ән мен күмбірлеген күй кеші.
2026 жылғы 21 қазан күні Тағылы ауылдық округінің Мәдениет үйінде «Сейіл салған әндер-ай...» атты әсем әнге толы концерттік бағдарлама өтті.
Кеш барысында қазақтың сырлы әндері шырқалып, әсем әуен мен күмбірлеген домбыра үні көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Өнер иелері өздерінің орындаушылық шеберліктерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, тыңдарман жүрегіне жылулық ұялатты.
Концертке Мұрат Қоңыр, Нияз Қанафия, Әлімжан Махенов және Алмаз Құттыбай қатысып, өнерлерімен кештің сәнін келтірді. Ал концерт жүргізушісі Құрманғазы Әлиман кештің мазмұнын аша түсіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ән мен әуенге толы бұл кеш ұлттық өнерімізді ұлықтап, қазақ әнінің құдіретін тағы бір мәрте танытты.
Көрермендер өнерпаздарға ыстық ықыластары мен қошеметтерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Өнер — ұлттың рухани қазынасы, ән — жүректің үні!
Осындай тағылымды өнер кештері көпшіліктің рухани байлығын арттырып, ұлттық мәдениетімізді дәріптей берсін! Өнер иелеріне шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!



