1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтілді

    Қарттар күніне орай Тағылы ауылдық округінде үлкендерге құрмет көрсетіліп, мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

    Мәдениет үйінің қызметкерлері ардагерлеріміз бен ауыл ақсақалдарына арнап шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Әсем әндер мен жүрекке жылы өнер көрсетілімдері мерекелік кештің сәнін келтірді.

    Тағылы ауылдық округі әкімі С. Алишев сөз сөйлеп, барша аға буын өкілдерін мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

    Мерекелік шара соңында қадірлі қонақтарға арнайы дастархан жайылып, ақжарма тілектер айтылды.

    Қариясы бар үйдің – қазынасы бар! Үлкендеріміз аман болып, ортамызда ұзақ ғұмыр кешсін!

    #қарттаркүні #мереке

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Тағылы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары