25 қазан – Республика күніне орай Тағылы ауылдық округінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мерекелік шараның мақсаты – ел тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және тұрғындардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Концерттік бағдарлама барысында өнерпаздар патриоттық әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Әсем әндер мен әсерлі өнер көрсетілімдері мерекенің сәнін келтіріп, жиналған қауымға ерекше әсер қалдырды.
Республика күні – еліміздің егемендігін айшықтайтын, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтатын маңызды мереке.
Баршаңызды ұлттық мерекемізбен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!




