2026 жылғы 2 қарашада облыстық «Күзгі мектеп» аясында тәрбие жұмысының өзекті мәселелеріне арналған онлайн-форматтағы әдістемелік практикум өтті.
Семинардың тақырыбы: «Адалдық, жауапкершілік және көшбасшылық қағидаттары негізінде балалардың өзін-өзі басқару қызметін ұйымдастыру».
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы (ҚО ББД ОӘО).
Семинарға қатысушылар:
С.С.Сагадиева, білім бөлімінің әдіскері, Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарында тәлімгерлер жұмысын жүйелі ұйымдастыру және мектеп парламентінің қызметін дамыту туралы баяндама жасады.
А.И.Погребная, «Актив» аға тәлімгерлер қауымдастығының жетекшісі, өзі басқаратын Қауымдастық қызметінің негізгі бағыттарын баяндады. Ш. Уәлиханов атындағы МГ, №2 ЖББМ, Е.Бөкетов атындағы ЖББМ мектептердің аға тәлімгерлері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Практикумның басты ерекшелігі Е.Бөкетов атындағы ЖББМ тәлімгері Шулакова А.А. мен осы мектептің мектеп парламенті президенті Чечихин Климнің бірлескен баяндамасы болды. Педагог пен оқушылар көшбасшысының мұндай жұбы тиімді серіктестік пен мектептегі өзін-өзі басқару жұмысының ішкі нақты нәтижесін көрсете білді.
Іс-шара нәтижелі өтіп, тәлімгерлер мен оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша жалпы әдістемелік ұсынымдар әзірлеумен аяқталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








