«Жас маманның табысты бастамасы: сабақ жоспары мен бағалау критерийлерін әзірлеу» атты қалалық семинар-практикум

    1 / 7

    Жас маманның табысты бастамасы: тиімді сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
    2026 жылғы 30 қазанда Шахтинск қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандарына арналған «Жас маманның табысты бастамасы: сабақ жоспары мен бағалау критерийлерін әзірлеу» атты қалалық семинар-практикум өтті.
    Шараның негізгі мақсаты – жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, сабақты сапалы жоспарлау және нақты дескрипторлар әзірлеу дағдыларын дамыту.
    Семинар бағдарламасы мен негізгі бағыттар:
    М.Б. Сарсекова («Тиімді ҚМЖ-дан бағалау критерийлеріне дейін...»): Қатысушыларға сабақ конструкторын құру жолдары, оқу мақсатын айқындау, саралау тәсілдері және бұл үдерісте жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану жолдары таныстырылды.
    Б.О. Ибраева («Тиімді бағалау: ашық дескрипторлар мен критерийлерді қалай құруға болады?»): Жалпылама тұжырымдарды нақты әрекеттерге айналдыру, тапсырма мен критерийлердің сәйкестігін анықтау және оқушыға бағыт берер кері байланыс беру тәжірибе жүзінде пысықталды.
    Семинардың практикалық бөлімінде жас мамандар топпен жұмыс жасап, мәтін негізінде бағалау тапсырмалары мен дескрипторлар әзірледі. Сондай-ақ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы өзара кері байланыс беріп, тәжірибе алмасты.
    Басты қағидалар:
    Критерий – бағыт береді.
    Дескриптор – әрекетті нақтылайды.
    Кері байланыс – алға жылжытады.
    Мұндай кәсіби кездесулер жас педагогтердің әдістемелік ізденісін жетілдіріп, өз жұмысына жаңаша көзқараспен қарауына жол ашады. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ" жаңалықтары