Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті

    Департамент туралы

    Департамент Алматы облысы аумағында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департаменттің міндеті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу болып табылады.

    Департаментпен "Азаматтарға арналған үкімет" МК бірлесіп, республикалық бюджеттің қаражатынан барлық зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жүргізіледі. Облыстың медициналық мекемелерімен өзара іс-қимыл кезінде Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиялары мүгедектік тобын белгілейді және осы азаматтар үшін қажетті оңалту шараларын әзірлейді. Мемлекеттік бақылау шеңберінде біз мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеміз және қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды қалпына келтіру жөнінде қажетті шаралар қолданамыз.

    Департаменттің басты міндеттерінің бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Бүгінгі күні Департамент 17 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

    Біз тұрақты негізде облыс тұрғындары арасында Департамент қызметінің бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, құзыреті шеңберінде кез келген мүдделі мәселелер бойынша халықпен кездесулер өткіземіз және азаматтарды қабылдауды жүзеге асырамыз.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысӨтіп жатыр

    Онлайн қабылдаудың жүргізілетіндігі туралы

    Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары! Департамент басшысы азаматтарды онлайн форматта дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін қабылдайды. Түскі үзіліс: 13:00–14:30. Онлайн қабылдау WhatsApp мессенджері арқылы келесі нөмір бойынша жүзеге асырылады: 📱 +7 (747) 393-34-91

    1 қаңтар 2026 ж. – 31 желтоқсан 2026 ж.Тікелей
    Через мессенджер "WhatsApp"
    ОтырысАяқталды

    Талғар ауданында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

    2026 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Талғар аудандық Халыққа арналған цифрлық кеңсесінде «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Іс-шараға департаменттің № 3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы О. Рақымбеков, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы облысы бойынша филиалының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Талғар аудандық бөлімінің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында мамандар зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру салалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берді. Кездесу барысында аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтардың барлығына спикерлер жан-жақты жауап беріп, тиісті кеңестер ұсынды.

    9 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қарасай ауданында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

    2026 жылдың 11 қыркүйегінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Қарасай ауданында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шараға департаменттің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Жанбатыр және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалы және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы филиалының Қарасай ауданы бөлімінің өкілдері қатысып, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Алматинской область город Каскелен

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қолжетімділік бөлігінде сәйкестік туралы декларацияны кім келіседі?

    Жауап

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап объектілердің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету фактісін растауды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

    Сұрақ

    Сәйкестік туралы декларация дегеніміз не?

    Жауап

    Сәйкестік туралы декларация — аяқталған құрылыс объектісі бойынша орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат. Қолжетімділік бөлігінде декларация мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарының кедергісіз қол жеткізуі мен қозғалуына жағдайлардың қамтамасыз етілгенін растайды.

    Сұрақ

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензия қандай жағдайларда қайта ресімделеді?

    Жауап

    Лицензияда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта ресімделуге жатады.

    Сұрақ

    Лицензиялау қандай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі?

    Жауап

    Негізгі нормативтік құқықтық актілер: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығы; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

    Статистика

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы:

    Статистикалық мәліметтерге облыс халқының саны 1 618 422адамды құрайды. Жалпы облыс бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны 532 282адам, оның ішінде: - зейнеткерлер – 181 310 адам; - мүгедектігі бойынша жәрдемақы – 32 907 адам; - асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы – 14 944 адам; - арнайы мемлекеттік жәрдемақы – 10 334 адам; - бала бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы –13 550 адам; - көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы –58 194 адам; - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы –7 039 адам; - І топтағы мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы – 3 227 адам; - көп балалы аналар – 19 880 адам; - №1,2 тізім бойынша жәрдемақы – 1 адам. Ағымдағы жылдың қазан айында жалпы 15 227әлеуметтік төлемдер тағайындалды немесе 2025 жылдың қазан айына қарағанда 8,1%-ғаазайған.Оның ішінде: - жаңа тағайындалғандар 7 714 немесе 3,6%-ға азайған; - қайта қаралып бекітілгендер 7 513 немесе 12,8%-ға азайған. //Салыстырмалы түрде2025 жылдың қазан айындатағайындалған әлеуметтік төлемдер16 471, оның ішінде: жаңадан тағайындалғандар7 991, қайта қаралғандар8 480//. Сонымен қатар, 166зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар – 17, мемлекеттік кепілдеме төлемі – 149.Өткен жылы 509-ді құраған немесе 206%-ға азайған. //Тағайындаудан бас тартудың негізгі себептері: зейнетақы төлемдері бойынша – еңбек өтілі расталмаған, шығу елінде еңбек өтілін растайтын құжаттар заңдастырылмаған; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бойынша – неке бұзылған жағдайда сот шешімі ұсынылмаған және т.б.//

    Жарияланды:
    Статистика

    Арнайы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау

    2026 жылғы 30 қыркүйектегі статистикалық деректерге сәйкес Алматы облысында арнайы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) көрсететін 36 ұйым бар. Барлық 36 ұйым лицензия алған (барлығы 4689қызмет алушы), оның ішінде 19-ы мемлекеттік мекеме және 17-сы үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ). Гибридті лицензияларды ескере отырып, АӘҚ көрсету бағыттары бойынша: ·жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсететін – 14 ұйым, 1245 адам; ·стационарлық жағдайда – 5 ұйым, 1028 адам; ·уақытша болу жағдайында – 2 ұйым, 130 адам; ·үйде қызмет көрсететін – 14 ұйым, 2286 адам. Алматы облысында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша, лицензиясы бар 64 бөлімшенің ішінде: ·35 бөлімше мемлекеттік секторда, ·30 бөлімше жеке секторда (ҮЕҰ) қызмет көрсетуде. Қазіргі уақытта Әлеуметтік қызметтер порталында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша 30 бөлімше келісімшарттар жасасқан, оның ішінде 14-і ҮЕҰ. «Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі «Amanat» партиясының Жол картасын іске асыру» 1. Облыс бойынша Қолжетімділік картасына енгізілген объектілердің жалпы саны –1498 Қолжетімді –1248, оның ішінде: ·тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін –1234; ·кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін –1248; ·есту қабілеті бұзылған адамдар үшін –1232; ·көру қабілеті бұзылған адамдар үшін –1232. Ішінара қолжетімді –265, оның ішінде: ·тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін –261; ·кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін –265; ·есту қабілеті бұзылған адамдар үшін –244; ·көру қабілеті бұзылған адамдар үшін –26. Қолжетімсіз – 2, оның ішінде: ·тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 0; ·кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 0; ·есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 2; ·көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 0. 2.Ұйымдарбөлінісіндеқолжетімдіобъектілер: ·денсаулықсақтауобъектілері– 269; ·білімберуобъектілері–595; ·мәдениетобъектілері– 132; ·саудажәнеқызметкөрсетуобъектілері– 35; ·мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 138; ·өзге объектілер – 79. Мүгедектігі бар адамдардың абилитация және оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін іске асыру үлесінің мониторингі 1. Оңалтудың техникалық құралдарына мұқтаждардың жалпы саны –28478, оның ішінде түрлері бойынша: ·протездік-ортопедиялық көмек – 4821 ·сурдологиялық көмек – 564; ·тифлотехникалық құралдар – 1156; ·кресло-арбалар – 1019; ·санаторий-курорттық емдеу – 7155; ·жеке көмекші қызметі – 1959; ·ымдау тілі қызметі – 468 ·міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 11336. 2. Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етілгендердің жалпы саны –24267, оның ішінде түрлері бойынша: ·протездік-ортопедиялық көмек – 3457; ·сурдологиялық көмек – 488; ·тифлотехникалық құралдар – 1001; ·кресло-арбалар – 978; ·санаторий-курорттық емдеу – 4915; ·жеке көмекші қызметі – 1935; ·ымдау тілі қызметі – 447; ·міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 11046. Алматы облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторлар 2026 жылдың басынан бастап 43 тексеру жүргізді. Оның ішінде: ·33 субъектінің (объектінің) баруына байланысты профилактикалық тексеру; ·10 жоспардан тыс тексеру. Тексеру нәтижелері бойынша 39 субъектіге мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес нұсқамалар берілді. Жеке тұлғалардың шағымдары негізінде 10 субъектінің (объектінің) қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша 5 субъект (объект) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік істер қысқартылған ісжүргізу тәртібімен қаралды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1751625 теңгені (бір миллион алты жүз мың екі жүзелу теңге) құрады. Сонымен қатар, Алматы облысының прокуратурасы және Қарасай ауданының прокуратурасының талаптары бойынша 67 субъект (объект) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік істер қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Салынған айыппұлдардың сомасы 8 131 000 теңгені (сегіз миллион бір жүз отыз бір мың теңге) құрады. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 9 882 625 теңгені (тоғыз миллион жеті жүз отыз бір мың екі жүзелу теңге) құрады. Департаменттің әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі берілген нұсқамалардың орындалумерзімдерінің сақталуына және анықталған барлық бұзушылықтардың жойылуына тұрақты түрде бақылау жүргізеді.

    Жарияланды:
    Басқа

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картограммасы

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картограммасы

    Жарияланды:
    Статистика

    Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бағыты бойынша 2026 жылдың қыркүйек айының статистикалық көрсеткіштері

    Мүгедектіктің жалпы көрсеткіштері: 1. 2026 жылдың қыркүйек айында жалпы 1244 адам куәландырылды (09.2025 жылы – 1250 человек). Оның ішінде 320 адам алғашқы рет куәландырылғандар, жалпы саннан үлесі 25,7%. Мүгедектік танылғандар - 299 адам, жалпы саннан үлесі 93,4%. Қарқындылық көрсеткіші - 10 мың тұрғынға шаққанда 1,6. 2. Алғаш рет танылғандардың жас құрылымы - еңбекке қабілетті жастағылар 163 адам немесе 54,5% - зейнет жасындағылар 57 адам немесе 19,1% - балалар 79 адам немесе 26,4% 3. Алғашқы және қайта мүгедектік Алғаш рет танылғандар 296 адам. Қайта куәландырылғандар 814 адам, оның ішінде 742 адам мүгедек деп танылды (09.2025 жылы 848 адам куәландырылып 736 адам мүгедек деп танылды). 4. Алғашқы мүгедектіктің құрылымы 4.1. Ересек халық жалпы саны 220 адам. Ересектер арасында алғаш рет мүгедектік танылғандардың нозологиялық түрлері бойынша: 1 орын - қан айналымы жүйесінің аурулары 63 адам немесе 28,6%; 2 орын - қатерлі ісіктер 59 адам немесе 26,8%; 3 орын - жарақаттар 26 адам немесе 11,8%; 4 орын -Дәнекер тіннің сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары 17 адам немесе 7,7%; 5 орын - психикалық бұзылыс 16 адам немесе 7,3%; Өткен жылмен салыстыру: 217 1 орын – қан айналымы жүйесінің аурулары 56 адам немесе 25,8%; 2 орын - қатерлі ісіктер 52 адам немесе 24,0 %; 3 орын - психикалық бұзылыс 27 адам немесе 12,4%; 4 орын - Дәнекер тіннің сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары 18 адам немесе 8,3%; 5 орын - көз аурулары - 12 адам немесе 5,5% 4.2. Балалар Жалпы саны - 79 адам. 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар арасында жеткші орын алатын аурулар: 1 орын - психикалық бұзылыстар 26 адам немесе 32,9%; 2 орын - туа біткен даму ақаулары 12 адам немесе 15,2%; 3 орын - жүйке жүйесінің аурулары 10 адам немесе 12,7%; 4 орын – эндокриндік аурулар 8 адам немесе 10,1%; 5 орын – басқа аурулар 8 адам немесе 10,1%; Өткен жылмен салыстыру: 92 1 орын - психикалық бұзылыстар 25 адам немесе 27,2 %; 2 орын - туа біткен даму ақаулары 22 адам немесе 23,9 %; 3 орын - жүйке жүйесінің аурулары 12 адам немесе 13,0% 4 орын - эндокриндік аурулар 12 адам немесе 13,0%; 5 орын – жарақаттар 5 адам немесе 5,4 %. 5. Оңалту көрсеткіштері: Толық оңалту – 8,8 % (в 09.2025 г. – 13,2%) Ішанара оңалту – 15,9 % (в 09.2025 г. – 15,5%) Жағдайының нашарлауы – 4,7% (в 09.2025 г. – 4,6%) 6. Сыртай куәландыру Сыртай куәландырудың жалпы саны - 643 адам, жалпы санның үлесі – 51,7%

    Жарияланды:
    Статистика

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы:

    Статистикалық мәліметтерге облыс халқының саны1 615 631адамды құрайды. Жалпы облыс бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны531 023адам, оның ішінде: - зейнеткерлер – 181 465 адам; - мүгедектігі бойынша жәрдемақы – 32 920 адам; - асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы – 14 527 адам; - арнайы мемлекеттік жәрдемақы – 10 372 адам; - бала бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы –14 743 адам; - көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы –56 869 адам; - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы –7 035 адам; - І топтағы мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы – 3 224 адам; - көп балалы аналар – 19 925 адам; - №1,2 тізім бойынша жәрдемақы – 1 адам. Ағымдағы жылдыңқыркүйек айында жалпы22 026әлеуметтік төлемдер тағайындалды немесе 2025 жылдың қыркүйек айына қарағанда11%-ғакөбейген.Оның ішінде: - жаңа тағайындалғандар 7 759 немесе 0,09%-ға көбейген; - қайта қаралып бекітілгендер 14 267 немесе 17,9%-ке көбейген. //Салыстырмалы түрде2025 жылдың қыркүйек айындатағайындалған әлеуметтік төлемдер19 846, оның ішінде: жаңадан тағайындалғандар7 748, қайта қаралғандар12 098//. Сонымен қатар,210зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар –8, мемлекеттік кепілдеме төлемі –202.Өткен жылы594-ді құраған немесе 180,9%-ға азайған. //Тағайындаудан бас тартудың негізгі себептері: зейнетақы төлемдері бойынша – еңбек өтілі расталмаған, шығу елінде еңбек өтілін растайтын құжаттар заңдастырылмаған; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бойынша – неке бұзылған жағдайда сот шешімі ұсынылмаған және т.б.//

    Жарияланды:
    Статистика

    Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бағыты бойынша 2026 жылдың тамыз айының статистикалық көрсеткіштері

    Мүгедектіктің жалпы көрсеткіштері: 2026 жылдың тамыз айында жалпы 1147 адам куәландырылды (08.2025 жылы – 848 человек). Оның ішінде 268 адам алғашқы рет куәландырылғандар, жалпы саннан үлесі 23,4%. Мүгедектік танылғандар - 259 адам, жалпы саннан үлесі 96,6%. Қарқындылық көрсеткіші - 10 мың тұрғынға шаққанда 1,6. Алғаш рет танылғандардың жас құрылымы - еңбекке қабілетті жастағылар 143 адам немесе 55,2% - зейнет жасындағылар 58 адам немесе 22,4% - балалар 58 адам немесе 22,4% Алғашқы және қайта мүгедектік Алғаш рет танылғандар 259 адам. Қайта куәландырылғандар 785 адам, оның ішінде 706 адам мүгедек деп танылды (08.2025 жылы 561 адам куәландырылып 487 адам мүгедек деп танылды). Алғашқы мүгедектіктің құрылымы 4.1. Ересек халық Жалпы саны 201 адам. Ересектер арасында алғаш рет мүгедектік танылғандардың нозологиялық түрлері бойынша: 1 орын - қатерлі ісіктер 72 адам немесе 35,8%; 2 орын - қан айналымы жүйесінің аурулары 57 адам немесе 28,4%; 3 орын - Дәнекер тіннің сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары 17 адам немесе 8,5%; 4 орын – жарақаттар 10 адам немесе 5%; 5 орын - несеп-жыныс жүйесінің аурулары 8 адам немесе 4,0%; Өткен жылмен салыстыру: 161 1 орын – қатерлі ісіктер 48 адам немесе 29,8 %; 2 орын - қан айналымы жүйесінің аурулары 41 адам немесе 25,5%; 3 орын - Дәнекер тіннің сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары 15 адам немесе 9,3%; 4 орын - жарақаттар - 12 адам немесе 7,5%; 5 орын - көз аурулары - 12 адам немесе 7,5% 4.2. Балалар Жалпы саны 58 адам. 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар арасында жеткші орын алатын аурулар: 1 орын - психикалық бұзылыстар 14 адам немесе 24,1%; 2 орын - туа біткен даму ақаулары 11 адам немесе 19,0%; 3 орын - жүйке жүйесінің аурулары 9 адам немесе 15,5%; 4 орын – қатерлі ісіктер 5 адам немесе 8,6 %. 5 орын – эндокриндік аурулар 4 адам немесе 6,9%; Өткен жылмен салыстыру: 47 1 орын - туа біткен даму ақаулары 15 адам немесе 31,9 %; 2 орын - жүйке жүйесінің аурулары 8 адам немесе 17,0% 3 орын – психикалық бұзылыстар 6 адам немесе 12,8 %; 4 орын - эндокриндік аурулар 5 адам немесе 10,6%; 5 орын – жарақаттар 4 адам немесе 8,5 %. Оңалту көрсеткіштері: Толық оңалту – 10,1 % (в 08.2025 г. – 13,2%) Ішанара оңалту – 16,7 % (в 08.2025 г. – 20,3%) Жағдайының нашарлауы – 5,6% (в 08.2025 г. – 6,6%) Сыртай куәландыру Сыртай куәландырудың жалпы саны - 593 адам, жалпы санның үлесі – 51,7%

    Жарияланды: