Ағымдағы жылдың 05 қарашасында «Qosyl» платформасы арқылы онлайн режимінде «Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының БЭК, форнт-офис қызметкерлерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 10 айының зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелерін қорытындылау бойынша жиын өтті.
Жиын барысында № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Смаилханова «Е-макет» АҚ жүйесіндегі есептіліктер негізінде атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады және зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша негізсіз кері қайтаруларға талдау жасалынып, көрсеткіштері талқыланды.
Жиын соңында, № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Смаилханова Мемлекеттік корпорация мамандары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









